Шы; ыс; аза; стан Облысыны; бруцеллез ауруы бойынша статистикалы; м; ліметтері

Бруцеллез қоздырғыштары

1886 жылы Д.Брюс мальтия қызбасынан өлген адамның көкбауырынан таза дақылда майда коккобактерияны анықтаған, оны Micrococcus — деп атаған. 1896 жылы Б.Банг сиырдың түсігі кезінде жолдасының сұйықтығынан коккобактерия анықтаған. 1914 жылы Ж.Траум осыған ұқсас таяқшаны ауру шошқада анықтаған. 1916 жылы Ивенс барлық анықталған микроағзаларды зерттеп, олардың ұқсастығын анықтап, ғалым Брюстың құрметіне бруцелла деп атаған. Кейіннен (1953, 1957, 1966 жылдары) бруцеллалардың басқа түрлері ашылған. Олардың бәрі Brucella туыстығына біріктірілген.

Қазіргі кезде бруцеллаларды негізгі қожайынының белгілерінің түрлеріне қарап былай жіктейді: В. melitensis — майда үй жануарлары (қой, ешкі) ауырады; В. abortus — ірі қара мал ауырады; В. suis -шошқалар ауырады және т.б.

Бруцелланың әр түрі биоварларға бөлінеді: В. melitensis — те 3 биовар, В. abortus — та 9 биовар, В. suis — те 5 биовар бар. Адам үшін патогенді болып В. melitensis саналады. В. abortus — адамдарда аурудың клиникалық белгілерін оте сирек туындатады.

Морфологиясы

Бруцеллез қоздырғыштары майда 0,6 — 0,8 х 0,3 -0,5 мкм. Бактериялардың пішіні таяқша тәріздес немесе сопақ болады. Жылжымайтын. Спора түзбейді. Нәзік қабықша түзеді. Грамм теріс. Жұғындыда тәртіпсіз орналасады.

Дақылдануы

Бруцеллалар — аэробтар. Қоректік ортаға талабы үлкен. Қоректік ортада жәй өседі (2 — 3 апта). Оларды арнайы қоректік ортада: сарыуызды — декстрозды агарда, сарысу және қан агары қосылған картоп тұрындысында (5% қой қанынан дайындалған), «Д» ортада, ЕПА және ЕПС, бауыр агарында өсіреді. Олар 37°С температурада, рН 6,8 — 7,2 өседі. Кейбір штамдардың өсуі үшін 5 — 10% С02 қажет, әсіресе алғашқыларын анықтау үшін.

Қатты қоректік ортада нәзік, майда, түссіз, томпақ, перламутр тәрізді жылтырақ S — пішінді колониялар түзеді. Кейбір факторлардың әсерінен олар диссоцирленіп, R — пішінге өтуі мүмкін. Антибиотиктердің әсерінен олар L — пішінге өтуі мүмкін. Сұйық қоректік ортада бруцеллалар біркелкі лайлылық туындатады. Бруцелланы тауық эмбрионының сарыуызды қапшығында дақылдауға болады. Бруцелланың түрлерін күкірт сутек түзуіне және бояйтын, негізінен фуксинді және тионинді орталарда өсіру арқылы нақтылауға болады.

Ферментативтік қасиеті

Бруцеллалар Д — рибозаны, Д-галактозаны, аланин және аспаргинді ыдыратады. Кейбір штаммалары аминқышқылын гидролиздеу арқылы аммиак түзеді. Бруцеллалардан гиалуронидаза, каталаза, пероксидаза, липаза, фосфатаза және басқа да заттар түзіледі. Бруцеллалардың айқын инвазивтік қасиеті бар.

Токсинтүзгіштігі

Бруцеллалардың патогендік қасиеті эндотоксинге байланысты анықталады. Сонымен қатар олардың аллергендік қасиеті де бар.

Антигендік құрылысы

Бруцеллалар құрамында екі соматикалық антиген бар: А және М. Бүл антигендер түріне байланысты спецификалық болып саналады. Олар үнемі микроб ұлпасының құрамына кіреді, бірақ әр түрлі ара қатынаста. В. melitensis құрамында М — антиген көбірек, В. abortus және В. suis құрамында A — антиген көбірек, сонымен қатар соңғыларының құрамында термолабильді Vi — антиген анықталған.

Қоршаған орта факторларына төзімділігі

100°С темнературада бруцеллалар тез өледі. 80-85°С температурада — 5 минуттан кейін, 60°С температурада 30 минуттан кейін өледі. Төменгі температураға олар төзімді. Күн сәулесінің әсерінен олар тез жойылады. Ылғалды жерде бруцеллалар 3-4 айға дейін сақталады. Сүт тағамдарында 40 — 45 күнге дейін, қатырылған етте 5 айға дейін, топырақта және суда 3-5 айға дейін сақталады.

Жануарлардың қабылдағыштығы

Бруцеллезбен негізінен үй жануарлары: ірі қара мал, ұсақ мал, шошқалар, бұғылар және т.б ауырады. Бруцелланың әр түрі жануарлардың белгілі бір түрін зақымдайды, бірақ бруцеллалар орын алмастыруы да мүмкін, яғни бір жануардан екінші бір жануарға өтуі мүмкін. Мысалы, В. abortus ұсақ малды зақымдауы мүмкін.

Аурудың негізгі белгісіне: ұрғашыларында — түсік, ал еркектерінде — орхиттің болуы жатады. Сонымен қатар буындарының зақымдануы, малдың азуы, жүндерінің түсуі және т.б жатады. Кейде жануарларда бруцеллез жасырын түрде өтуі мүмкін, ол жапуарлар арасында жұқпаның кең таралуына ықпалын тигізеді. Тәжірибелік жануарлардан бруцеллаға теңіз шошқасы, ақ тышқандар сезімтал болады. Ауруды жұқтырғаннан кейін олар түсік тастайды, тез азады, жүндері түсе бастайды. Тышқандарда кейде септицемия пайда болады.

Инфекция көзі

Адамдардың бруцеллезбен ауыруының негізгі көзі ұсақ және ірі қара мал болып табылады. Адамдардың бруцеллез жұқпасын тасымалдауда эпидемиологиялық маңызы жоқ.

Берілу жолдары

Тағамдық, қарым — қатынас, тұрмыстық, ауа -тамшы арқылы беріледі. Қарым-қатынас арқылы малдармен жұмыс жасағанда: жануарларды күткенде, жануарлар өнімдерін өндіретін, шикізат өңдейтін өндірістерде, жануарлардың шығындыларымен, туғызу кезінде, сойған кезде, еттерін бөлшектеген кезде жанасу арқылы жұқтырады. Аэрогенді жолмен бруцеллалар тері және шырышты қабат арқылы ағзаға енеді. Тағамдық жолмен — адам тағам ретінде бруцеллалармен ластанған тағамды қоданған кезде жұқтырады. Әсіресе қауіпті болып сүт және сүт тағамдары саналады.

Патогенезі

Ағзаға түскеннен кейін бруцеллалар лимфа жолда-рымен лимфа түйіндеріне, қанға, сүйек майына, паренхиматозды мүшелерге жетіп, ұлпалардың ішіне орналасады. Процесс асқынған кезде бруцеллалар ұлпалардан қанға өтеді де аурудың қайтадан өршуі байқалады. Ауру буындардың ісінуімен, невралгиямен және табиғи түсікпен сипатталады.

Иммунитеті

Иммунитет ұлпалық (фагоцитоз) және гуморальді факторлармен — агглютининдермен, комплимент жалғастырушы антиденелермен және т.б. іске асады. Иммунитет аллергиялық жағдаймен қатарласа жүреді. Теңіз шошқаларына жүргізілген тәжірибеде олардың ағзасына екінші рет қоздырғышты еккенде төзімділік бруцеллезге оң реакциямен қатарласа жүрген.

Алдын алу

Жоспарлы түрде мал шаруашылықтарын, мал жайылымын, мал соятын жерді, ет және сүт өндіретін өндірістерді тексеріп тұру.

Спецификалық алдын алу

Тірі вакцинамен вакцинациялау В. abortus (іитамм 19-ВА). Егуді бір рет тері үстіне жүргізеді, ревакцинация 8-12 айдан кейін жасалады.

Емі

Левомицетин, эритромицин антибиотиктерімен. Ауру қайталануының алдын алу үшін бруцеллезді иммуноглобулин қолданылады.

Бруцеллез. Нейробруцеллез. ( 47 тест)

174. Жедел бруцеллездің ұзақтығы:

d) 3 айдан 6 айға дейін

e) 6 айдан 12 айға дейін

175. Жеделдеу бруцеллездің ұзақтығы:

+d) 3 айдан 6 айға дейін

e) 6 айдан 12 айға дейін

176. Созылмалы бруцеллездің ұзақтығы:

d) 3 айдан 6 айға дейін

177. Бруцелланың ең патогенді түрі:

178. Н.Д.Беклемишев бойынша латентті бруцеллез – бұл (толық жауапты табыңыз):

a)қанда қоздырғыштың анықталмауы және клиникасының болмауы

b) қанда қоздырғыштың анықталуы, бірақ клиникасының болмауы

c) клиникасы жоқ кезде, «оң» серологиялық реакция

d) клиникасы жоқ кезде, «оң» аллергиялық сынаманың анықталуы

Читайте также:  Батясов Юрий Иванович врач ⭐Мануальный терапевт, невролог (невропатолог) ⭐ Отзывы, Цена, Где принима

+e) клиникасы жоқ кезде, «оң» серо- және/немесе аллергиялық реакциялардың анықталуы

179. Н.Д.Беклемишев бойынша біріншілік-созылмалы бруцеллез дегеніміз не:

а) жедел бруцеллезден кейінгі кезең

b) жеделдеу бруцеллезден кейінгі кезең

+c) анамнезінде жедел кезеңі болмаған созылмалы бруцеллез

d) клиникасы жоқ кезде, «оң» реакциялардың болуы

e) созылмалы рецидивті инфекциялық процесс

180. Н.Д.Беклемишев бойынша екіншілік-созылмалы бруцеллез дегеніміз не:

+а) жедел және жеделдеу бруцеллезден кейінгі дамитын аурудың түрі

b) анамнезде жедел бруцеллез жоқ созылмалы бруцеллез

c) клиникасы жоқ кезде, бруцеллездің «оң» реакцияларының болуы

d) созылмалы қайталамалы инфекциялық процесс

e) үздіксіз-ағымды инфекциялық процесс

181. Жедел бруцеллезге тән симптомокомплекс:

a) дене температурасы қалыпты, анкилоз, спондилез

b) қызуы жоғары, бастың ауыруы, құсу, құрысу, парездер және параличтер

c) гепатолиеналді синдром, полиартронейромиалгиялар, лимфаденопатия, геморрагиялық синдром

d) субфебрилді қызба, артриттер, бурситтер, фиброзиттер мен целлюлиттер

+e) қалтырау мен тершеңдікпен сипатталатын жоғары қызба, полиартронейромиалгиялар, лимфаденопатия, гепатоспленомегалия

182. Жедел бруцеллезге тән гемограмма:

a) анемия, пойкилоцитоз, анизоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы

b) лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарлауы

+c) лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы

d) лейкоцитоз, нейтропения, ЭТЖ жоғарлауы

e) лейкопения, лейкоформуланың солға ығысыу, ЭТЖ жоғарлауы

183. Бруцеллезде бактериологиялық зерттеу үшін алынатын материал:

d) анқаның жағындысы

e) жұлын сұйықтығы

184. Бруцеллез кезіндегі таңдамалы препарат:

185. Қазіргі таңдағы бруцеллездің емінде қолданылатын таңдамалы препараттар:

e) доксициклин+ метронидазол

186. Бруцелездің жедел түріне тән белгі:

a) ұсақ буындардың ауыруы

b) тұрақты қызба

+c) түнде пайда болатын қызба, тершеңдік

d) менингиалді симптом

e) балтыр бұлшық еттеріндегі ауру сезімі

187. Бруцеллаларды жою үшін қажет температура:

188. Бруцеллездің берілу факторлары:

e) адамнан адамға

189. Бруцеллалардың қандай түріне миграция феномены тән:

190. Бруцеллезге тән типті берілу жолы:

191. Қазақстан республикасында қандай облыс ең гиперэндемиялық аймақ болып саналады?

192. Бруцеллездің қай түрінде нейробруцеллез жиі дамиды?

+e) қайталамалы (супер-и реинфекция)

193. Нейробруцеллездің дамуының негізгі себебі?

a) иммунитеттің тапшылығы

b) қосымша аурулардың болуы

+d) бруцеллез антигеніне жоғары сезімталдық

e) кәсіби жұқтыру

194. Нейробруцеллезде серологиялық реакциялардың қандай нәтижелері жиі кездеседі?

e) заңдылығы жоқ

195. Нейробруцеллез кезінде дисцикуляторлы энцефалопатияның даму себебі ?

b) мидың жарақаты

c) жүйке жүйенің қосымша аурулары

d) миға әсер ететін жоғары жүктемелер

+e) ми тамырларының арнайы васкулиті

196. Нейробруцеллез кезінде жүйке жүйесінің қай бөлімі жиі зақымдалады?

+b) перифериялық бөлімі

d) вегетативті бөлім

197. Нейробруцеллез кезінде ауа райының өзгеруіне жоғары сезімталдықтың себебі қандай?

b) мидың жарақаты

c) жүйке жүйесінің қосымша аурулары

d) миға әсер ететін жоғары жүктемелер

+e) вегетативті жүйке жүйесінің зақымдануы

198. Бруцеллезді менингит кезіндегі жұлын ми сұйықтығы сипаты?

d) тек қана қысымның жоғарлауы

e) эритроциттердің қосындысы

199. Нейробруцеллез кезінде «жасырын» менингит деген не?

a) қалыпта температура кезінде іріңді жұлын сұйықтығы

b) бас аурудың кезінде қалыпты жұлын сұйықтығы

c) «оң» менингеалді синдром кезінде сероздыжұлын сұйықтығы

+d) «теріс» менингеалді синдром кезінде серозды жұлын сұйықтығы

200. Нейробруцеллез кезінде энцефалит дамуының негізгі клиникалық белгісі?

a) бас аурудың күшеюі

b) құсудың пайда болуы

+c) мидың жүйке тамырларының зақымдануы

d) ұйқының бұзылуы

e) дене температурасының жоғарлауы

201. Екіншілік-созылмалы бруцеллезге тән симптомокомплекс:

+a) ірі буындардың ауыруы

e) бульбарлы синдром

202. Нейробруцеллезде қалыпты температура кезіндегі тершендіктің себебі қандай?

+a) вегетативті жүйке жүйесінің зақымдануы

b) терморегуляция бұзылыстары

c) генетикалық ерекшеліктер

d) климакc алды кезеңі

203. Орта жүйке жүйе зақымданған кезде бруцеллездің емінде антибиотиктармен бірге қандай препаратты міндетті түрде тағайындау қажет?

e) В тобындағы витаминдер

204. Нейробруцеллез кезіндегі саңыраулықтың себебі қандай?

a) вестибулярлы апппараттың зақымдануы

+b) есту нервінің невриті

c) созылмалы отит

205. Бруцеллез кезіндегі суперинфекция дегеніміз:

a) бруцеллезден жазылғаннан кейін ауруды қайа жұқтыру

+b) созылмалы бруцеллезбен ауырып жүріп инфекцияны қайта жұқтыру

c) қоздырғыштардың бірнеше түрлерімен залалдану

d) созылмалы бруцеллездің рецидиві

e) латентті бруцеллезден кейін дамитын ауру

206. Бруцеллез кезіндегі реинфекция дегеніміз:

+а) бруцеллезден жазылғаннан кейін ауруды қайта жұқтыру

b) созылмалы бруцеллезбен ауырып жүріп инфекцияны қайта жұқтыру

c) қоздырғыштардың бірнеше түрлерімен залалдану

d) созылмалы бруцеллездің рецидиві

e) латентті бруцеллезден кейін дамитын ауру

207. Жедел бруцеллез Г.П. Руднев бойынша патогенездің қандай сатысына cәйкес келеді:

b) лимфа тамырларына ену сатысы

c) көп ошақты диссеминация сатысы

d) экзоошақты метастаздардың пайда болу сатысы

e) метаморфоз сатысы

208. Жеделдеу бруцеллез Г.П. Руднев бойынша патогенездің қандай сатысына cәйкес келеді:

b) лимфа тамырларына ену сатысы

+c) көп ошақты диссеминация сатысы

d) экзошақты метастаздардың пайда болу сатысы

e) метаморфоз сатысы

209. Екіншілік -созылмалы бруцеллез патогенездің Г.П. Руднев бойынша қандай сатысына cәйкес келеді:

b) лимфа тамырларына ену сатысы

c) көп ошақты диссеминация сатысы

+d)экзоошақты метастаздардың пайда болу сатысы

е) метаморфоз сатысы

210. Латентті бруцеллез патогенездіңГ.П. Руднев бойынша қандай сатысына cәйкес келеді:

+b) лимфа тамырларына ену сатысы

c) метаморфоз сатысы

d) экзоошақты метастаздардың пайда болу сатысы

e) көп ошақты диссеминация сатысы

211. Бруцеллездің қалдықтары (резидуалді бруцеллез) Г.П. Руднев бойынша патогенездің қандай сатысына cәйкес келеді :

b) лимфа тамырларына ену сатысы

+c) метаморфоз сатысы

d) экзоошақты метастаздардың пайда болу сатысы

e) көп ошақты диссеминация сатысы

212. Бруцеллездің ауру көзі болады:

+b) ірі және кіші қара мал

213. Бруцеллездің ауру көзі:

214. Жедел бруцеллез кезіндегі науқастың негізгі шағымы:

a) бастың қатты ауруы

b) розеолезді бөртпе

+d) қызба, қалтырау және терлегіштік

215. Созылмалы бруцеллез кезінде зақымдалауы мүмкін мүше мен жүйелер:

b) тері және шырышты қабат

e) асқазан-ішек жолы

216. Полиартнейромиалгия қай ауруға тән:

с) бөртпе сүзегі

217. Бруцеллездің диагностикасында қолданады:

+а) Райт реакциясы

b) қанның қалың тамшысы мен жұқа жағынды

c) Цуверкалов сынамасы

d) тауық эмбрионында дақылдау

e) зәр мен нәжісті себу

218. Бруцеллез кезінде жалпы қан анализіндегі өзгерістер:

b) ЭТЖ жоғарлауы

c) атипиялық мононуклеарлардың пайда болуы

+e) лейкопения, лимфомоноцитоз

219. Жедел бруцеллезді емдеуде қолданылатын этиотропты:

Шығыс Қазақстан Облысының бруцеллез ауруы бойынша статистикалық мәліметтері.

Курстық жұмыс

Тақырыбы: БРУЦЕЛЛЕЗ

Жетекшісі: Есенова Д.К

Орындаған:Алдияр А.Д , Мейірханов А.Т

Астана 2017ж

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізігі бөлім

1. Бруцеллез анықтамсы

2. Тарихына қысқаша шолу

Читайте также:  Как вылечить золотистый стафилококк в горле, носу, коже, чем лечить у взрослых

3. Этиологиясы

4. Инфекция көзі

5. Берілу механизмі және беріду жолдары

6. Инкубация кезеңі

7. Эпидемиологиялық ерекшеліктері

7.1 Факторлары:

· Климаттық — географиялық

8. Алдын алу

9. Күресу шаралары (эпидемиологияға қарсы шаралыр)

10. Эпидемиологиялық қадағалау

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бруцеллез барлық континетте көп тараған зоонозды инфекциялық ауру. Қазақстанда жануарлардың инфекциялық ауруларының ішінде 80% құрайды. Бруцеллез жаңадан пайда болған ауру емес, ерте заманнан бері келе жатқан ауру. XIX ғасырдың ортасында Жерорта теңізі елдерінде ауру пайда болған. XIX- XX ғасырда Данияда ірі қара малдарда түсік тудыратын адамға игнфекциялық ауру тіркелген. Жұқпалы ауруға жататынбруцеллездің орны ерекше. Оның қоздырғыштары ұсақ тірі организмдерге жатиады, бір малдан екінші малға тез беріледі. Сондықтан аз уақыт ішінде көптеген малдың ауруына әкеліп соғады. Шаруашылықтарға үлкен шығын әкеледі. Бруцеллез зооноздарға жатады. Себебі бруцеллез адам мен жануарларда бірдей кездесетін жұқпалы ауру. Бруцеллез ауруы еліміздің дамуына кедергі келтіріп, малдан алынатын өнімдер сапасын төмендетіп, экономикасына үлкен зиян тигізуде. Бруцеллез ауруымен ауылшаруашылық малдары ауырып қана қоймай, сонымен қатар адамдар ауырады. Адамдарға ең қауіптісі негізінен қой-ешкілнердің бруцеллезі.Қазақстан Республикасы мал шаруашылығында ірі қара және қой бруцеллезі жөнінде індеттік ахуал қазіргі кездегі ең өзекті мәселелрдің бірі. Соңғы 8 жыл ішінде республика бойынша тіркелген бруцеллезден таза емес пункттер саны ірі қар бруцеллез бойынша 5-28 ге дейін жетіп отыр. Республикалық СЭС мәліметтері бойынша елімізде жыл сайын бруцеллезге шалдыққан 2500-3000 адамға дейін тіркеледі. Адамдардың негізгі бруцеллезді жұқтыру көзі жануарлар болғандықтан, бруцеллезбен күресу шаралары өте жоғары дәрежеде және тиімді болуы керек. Жануарлар бруцеллезін зерттеу, бруцеллездің даму динамикасын анықтау індетке қарсы шаралардығылыми тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруды қамтамассыз етеді. Мал бруцеллезіне қарсы күресті жүргізгенде жалпы ұйымдастыршылық шаралдарынан басқа, арнайы ветиринарлық іс-шаралар ғылыми негізделген әдістемелер бойынша іске асырудың үлкен маңызы бар. Осы себепту бруцеллез ауруы кезінде патоморфологиялық өзгерістерді анықтау қазіргі таңда өте өзекті болып саналады.

Тақырып өзектілігі:

Бруцеллез ауруы – елімізде жиі кездесетін аурулардың бірі. Бұған себеп еліміздегі мал шаруашылығының дамығандағы, мал шаруашылығымен бұрынна айналысатындығы, мал санының жылдан жылға өсуі мен аурушаңдылық көрсеткіштерінің де жыл сайын жоғарылауына алып келуі.

Мақсаты:

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласының негізгі мақсаты: бруцеллез ауруының таралуы, инфекция көзін анықтау, аурудың алдын алу, ауруға тез арада емдеу шараларын жүргізу, оның тиімділігін бағалау. Елімізде бруцеллез ауруының таралуына бейім аймақтарды анықтау, еңбекке жарамды жас аралықтарындағы аурушаңдықтың дәрежесін бағалау.

Міндеттері:

· Бруцеллез ауруы бойынша аурушаңдылық көрсеткіштерімен жұмыс жасау;

· Аурудың таралу ретін анықтау

· Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып талдау жасау;

Тапсырмалар:

1. Шығыс Қазақстан облысы бойынша бруцеллез аурушаңдылығының жылдық орташа көрсеткішіне сипаттама

2. Бруцеллез ауруының балалар, жасөспірімдер, ересектер арасында таралу көрсеткіштерін сипаттау

3. Шығыс Қазақстан облысы бойынша мүйізді ірі қараларға жалпы шолу

4. Бруцеллездің негізгі көзін анықтау

Негізгі бөлім

Бруцеллез — Brucella бактериясымен қоздырылатын,жедел және созылмалы түрлерінде өтетін зооантропонозды инфекциялық-аллергиялық ауру. Аурудың жедел түрі токсико-бактериемиялық инфекция ретінде, созылмалы түрі – полиморфты клиникалық көріністерімен, көбінесе сүйек-буын, орталық және перифериялық жүйке жуйелерін, жыныс мүшелерін және басқа ішкі ағзаларды зақымдаумен, хрониосепсис тәрізді ұзаққа созылуымен және рецидивті ағымымен сипатталады.

Бруцеллез жайлы тарихи мәліметтер.Адамның буын буынын кеміріп, сай сүйегін сырқырататын, қара –терге түсіріп тынышын алатын осы ауру жайында Гипократта білген екен (б.э.д. 4 ғасыр бұрын өмір сүрген). Қазақша оны «селсоқ ауру», «жел ауру», «сарып» десе, түркпендер «ешкінің безгегі» деп атапты. 19 ғасырдың соңында Жерорта теңізінің Мальта аралында әскери қызметте жүрген солдаттардың арасында осы індет көптен кездесіп, оны «Жерорта теңізінің безгегі» деп Мэрстон (1831) атаған. Давид Брюс сол безгектен қайтыс болған әскердің көк бауырынан осы аурудың қоздырғышын тауып, оған Micrococcus melitensis деген атақ берген. Заммит (1906 ж.) бұл ауру ешкінің сүті арқылы жұғатынын анықтаған. 1897 ж. Дания ғалымдары Банг пен Стрибольт (1896-1897) түсігі болған сиырдан тапқан коздырғышты Bact. abortus bovis деп, америкалық Траум (1914) түсігі болған шошқадан тапқан қоздырғышты Bact. abortus suis деп атаған. Ал 1916-1918 жж. Алиса Ивенс осы 3 микробтың бір бірене өте ұқсас екенін дәлелдеп, оларды бір топқа кіргізіп, К. Майер мен М. Фезье (1920) бірінші ашқан Брюстің құрметіне “Brucella” деп атайды. Содан бері ауру бруцеллез деп аталады. Сөйтіп, бруцеллез ауруы ұсақ және ірі қара малдан, шошқадан жұғатыны, оның кәсіби ауруларға жататынын анықталды.

Кеңес одағының П. Ф. Здродовский, П. А. Вершилова, Н. И. Рагоза, Г. А. Пандиков, А. Ф. Билибин, Г. П. Руднев деген ғалымдардың еңбектері белгілі. Қазақстанда И.К.Каракулов, Г.Н.Удинцев, П.П.Очкур, Н.Д.Беклемишев, М.М.Ременцова, И.Л.Касаткина, К.Б.Курманова, С.А.Амиреев, Е.С.Белозеров еңбектері бүкіл Кеңес Одағына белгілі. Солармен бірге М. С. Сыздыков, К.Д.Дүйсенов, К. А. Жуманбаев, Л. А. Муковозова, К. Б. Садыков, Л. Е. Цирельсон және басқа ғалымдардың улесіде зор.

Этиологиясы.Бруцеллездің қоздырғышы Brucella тұқымдастығына жатады. 1985 жылы Женева қаласында бактериялардың номенклатурасын бақылайтын Халықаралық комитетінің жіктелуі бойынша Brucella тұқымдастығынын 6 түрін ажырату қажет: B. melitensis, B. abortus, B. suis. B. ovis, B. canis и B. neotomae. Осы жіктелудің қазіргі заманға дейін күші бар (M. J. Corbel, 1997). Соңғы жылдары молекулярлы-генетикалық зерттеудің нәтижелері бойынша Brucella тұқымдастығының 1 түрі B. melitensis және оның көп биоварлары бар деген гипотеза талқыланып жатыр (J. M. Verger, 1985).

Қоздырғыштың әр түріне тән ие организмдері бар. B. melitensis иесі ұсақ мүйізді қара мал: қой, ешкі (3 биовары бар). Бруцелланың бұл түрі ірі қара малды, түйені, итті зақымдауы мүмкін. B. melitensis – патогенділігі жоғары, адамдардың арасында эпидемия, малдың арасында эпизоотия шақыратын қоздырғыш. B. abortus иесі — сиыр (9 биовары бар). Адамдар арасында спорадикалық ауру шақырады. Осы қоздырғыштан тірі вакцина жасалған (ВА-19). B. suis иелері — шошқа (1, 2 және 3 биоварлары), қоян (2 биовар), бұғылар (4 биовар). Бірақ бұл қоздырғыш ірі және ұсақ қара малды зақымдауы мүмкін (5 биовар). Қазақстанда сирек кездеседі. B. ovis – қойдың инфекциялық эпидидимитінің қоздырғышы. Адам үшін патогендік әсері бар. B. canis иесі – ит. Адам үшін патогендік әсері бар. B. neotomae иесі – далалық тышқандар, адам үшін патогенділігі зерттелмеген. Сонғы екі түрі Америка Құрама Штаттарында бөлінген.

Читайте также:  Ишиас мучительное состояние и как его устранить

Инфекция көзі. Адамдардың бруцеллезбен ауыруының негізгі көзі ұсақ және ірі қара мал болып табылады. Ауру мал қоздырғышты сүтпен, зәрмен нәжіспен, ұрықтық сұйықтық және түсікпен шығарады. Ластанған жем, шөп, су арқы малдан малға жұғып отырады. Ауру адам жұқпалы емес, адамнан- адамға жұқпайды. Оңтүстік қазақстанда негізгі инфекция көзі қой мен ешкі, солтүстік облыстарда –сиыр, Маңғыстау, Атырау облыстарында- түйе. Адамдардың бруцеллез жұқпасын тасымалдауда эпидемиологиялық маңызы жоқ.

Берілу механизмі және беріду жолдары.

Берілу механизмі – негізгі механизмі нәжіс-ауыз, қосымша тұрмыстық контакт, ауа-тамшылы механиздерімен беріледі.

1. Адамдарға жұғу жолдары:

— тағам өнімдері (сүт және сүт тағамдары)

Жанасу арқылы жұқтыру өте жиі кездеседі, жұқтыру жолдары:

· Ауру малды төлдеті кезінде, мал іш тастағанда бөлінетін сұйық заттарын (әсіресе шуын) және өлі түскен төлін жалаң қолмен ұстағанда;

· Ауру мал күтімі кезінде олардың зәрі, қиы, жүні арқылы;

· Ауру малдың еті мен сүтін, жүн мен тері өнімдерін өңдеген кезде;

· Ауру малды сою, жүні мен терісін, етін өңдеген кезде ластанған қол арқылы

Тағам өнімдерінен аса қауіпті – сүт және сүт тағамдары, әсіресе ірімшік, сүзбе, брынза, сыр. Еттің қауіптілігі ұзақ уақыт термиялық өңдегенде төмендейді. Шикі, дұрыс термиялық өңделмеген ет өте қауіпті. Ауа-шаң арқылы жұқтыру ауру малдың жүнін, терісін жинап, тасымалдағанда, мал қораларын жинап тазалағанда, өңдегенде, жүнін қырыққанда шаң тозаң арқылы жұғуы мүмкін.

Инкубация кезеңі: 6-30 күн , орташа 18 күн. Ауыз қуысынан малдардың ішіне түскен қоздырғыштар лимфа түйіндеріне жиналып көбейеді, инкубациялық кезеңнің соңғы күндері қан арқылы сүйек буындар, бауыр көк бауырға түседі, одан көбейіп одан қан жүйесіне түседі.

Эпидемиологиялық ерекшеліктер: Адамдардың ауыруы жануар популяциясында өтетін эпизоотиялық процестің үздіксіз тізбегіне енуі нәтижесінде және адам мен жануардың немесе жануар тектес тағамдардың өндірістік, тұрмыстық жағдайда әсерлесуі нәтижесінде дамиды (С.Ә. Әміреев, 1988). Соңғы кездері, эпизоотикалық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты адамдардың арасында сырқаттанушылық жоғары деңгейде. Қазақстан Республикасы бойынша бұл көрсеткіш 30-ға жетті (100 мың тұрғынға шаққанда). Бірақ бұл көрсеткіш тек бірінші рет анықталып, есепке алынған науқастардың санын көрсетеді.

Бруцеллез екі мезгілде күрт көбейеді

1. Қаңтар- наурыз айларындың көбеюі көктемгі жаппай малдың төлдеу кезеңінде жұқтыруымен байланысты.

2. Мамыр айында көбею қойдың жүнін қырқу, өңдеумен байланысты болады.

Ешкінің сүзбесі, ірімшігін көп қолданатын жерлерде жаз-күзгі мезгілдік байқалады. Сиырмен байланысты бруцеллез ауруының өршігуі қазан-қараша айларында, кезедйсоқ сырқаттанушылық түрінде кездеседі. Бруцеллез көбіне малшылар, сауыншылар, мал дәрігерлері, ет комбинат жұмысшылары, жүн, тері жинайтындар, өңдейтіндер арасында таралдады. Көбіне ересек адамдар ауырады балалар сиректеу.

Факторлары:

· Жастықкөбіне ересек 20 жастан жоғары адамдарда аурушаңдық көрінеді

· Мерзімі көктем-жаз айларында өршу байқалады

· Жыныстық – әйел адамдарға қарағанда ерлер бруцеллезбен жиі ауырады.

· Мамандығы— көбіне малшылар, сауыншылар, мал дәрігерлері, ет комбинат жұмысшылары, жүн тері жинайтындар арасында таралады.

· Қала-ауыл ауыл тұрғындары жиі ауырады, себебі ауыл адамдары малмен байланыста болады.

· Климаттық-географиялық – Орта Азия, Кавказ елдерінде, Қазақстанда – ОҚО, Маңғыстау, Атырау облыстарында таралған.

· Әлеуметтік мал шарушылығы дамыған елдерде көптеп кездеседі

Бруцеллездің жіктелуі (Н.Д.Беклемишев, 1957)

1. Латенттік бруцеллез:біріншілік-латенттік және екіншілік-латенттік

2. Жедел бруцеллез: жеңіл, орташа ауыр, ауыр ағымы

3. Баяу немесе жеделдеу бруцеллез: жеңіл, орташа ауыр, ауыр ағымы

4. Созылмалы бруцеллез: біріншілік–созылмалы және екіншілік созылмалы (декомпенсация, субкомпенсация және компенсация сатысы).

5. Бруцеллездің қалдықтары. Жедел бруцеллездің жасырын кезеңі – 7-30 күн. Жиі бруцеллез жедел басталады.

Клиникалық нышандары токсико-бактериемиялық, жайылмалы инфекциялық процестің көріністері болып табылады: қалтырау, қызу, терлеу, полиартронейромиалгиялар, лимфаденопатия, гепато- спленомегалия. Аурудың негізгі нышаны – қызба. Қызбаның сипаты ремиттерлеуші (танғы температурамен кешкі температураның айырмашылығы 1,5-2,0ºС). Дене қызуы тәүліктің екінші жартысында айқын қалтыраудан кейін жоғарлайды, сосын терлеумен сипатталып төмендейді. Науқастың жалпы жағдайы қанағатты болады да, дәрігерлерге қаралмай жүре береді. Бірақ, бұл жағдай ұзаққа созылып (бір неше аптадан 3 айға дейін), науқас дене салмағын жоғалтады. Екінші маңызды синдром — полиартронейромиалгиялар (сүйек, буын, бұлшық еттер, жүйке тамырлардың ауру сезімі пайда болады). Бұл кезде қабыну процестер дамымайды. Бруцеллездің қазіргі ағымының ерекшелігі- ағзалардың қабынуы ерте (3 айдан бұрын) қалыптасуы. Бұл адамдардың организмінің арнайы жоғары сезімталдылығының өршуінің белгісі. Науқасты тексеріп қарағанда ұлғайған барлық топтар лимфа түйіндерді (көбінесе жақ астылық, қолтық астылық, шаптық), бауырды, көк бауырды анықтауға болады. Лимфа түйіндердің көлемі майда, ауыр сезімсіз, қоршаған тіндерге жабыспаған. Жеделдеу бруцеллез аурудың жедел сатысының жалғасы. Жедел бруцеллез кезіндегі көріністерге зақымданған ағзалардың қабыну процестері қосылады — артрит, неврит, орхит және т.б. Созылмалы бруцеллез кезінде аурудың жалпы токсико — бактериемияның әсерінен пайда болған нышандар бәсеңдеіді. Бірінші орынға әртүрлі ағзалардың қабыну процестердің белгілері шығады. Бұл кезеңде дене қызуы қалыпты немесе субфебрилді, тершеңдік айқын емес болады. Бірақ лимфаденопатия, гепатомегалия сақталуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан Облысының бруцеллез ауруы бойынша статистикалық мәліметтері.

Ағымдағы жылдың соңғы үш айында ШҚО-ның Зайсан, Тарбағатай, Курчум аудандарында бруцеллезбен аурушаңдықтың деңгейі 2,5тен 12ге дейінгі көрсеткішті көрсетті. Ең қауіптісі, инфекция жануарлардан адамдарға жұғуы. 2014 жылдың өзінде Шығыс Қазақстанда бруцеллезбен 137 адам ауырған, олардың 10-ы балалар. 2013 жылда ауырғандар саны 121 адам, оның ішінде 10-ы балалар.

Алдын алу: Бруцеллезге қарсы санитарлық – ветеринарлық шараларды СЭҚБ қызметкерлері ветеринарлық қызметкерлермен бірігіп жүргізуі қажет. Алдын алу шаралары ДСМ «ҚР бруцеллезбен күресу шараларын күшейту» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Жануарлардың бруцеллезбен күресу шаралары 3 топқа бөлінеді:

1. Сау қожалықтарды инфекция енуінен сақтау шаралары: малдарды бруцелезге тексеру, ветеринарлық куәлікпен тек сау малдарды қожалыққа кіргізу, 1 ай карантинге қою, теріс болған жағдайда ғана сау малдарға қосу.

2. Жануарлар арасында ауру малды дер кезінде анықтау, жекешелеу, емдеу, үнемі ветеринарлық бағалау, түсік тастайтын малдарды мұқият серологиялық, бактериологиялық, аллергиялық әдістермен тексеру.

Ауру табылған қожалықты сауықтыру шаралары. Малдарда бруцеллез табылса немесе серологиялық тексерулер оң болса мұндай қожалық бруцеллез бойынша қауіпті болып табылады, онда санитарлық-ветеринарлық шаралар жүргізіледі. Ауру малды сау малдан жекешелеп, арнайы жобаланған пункттерде, ет комбинаттарында сойып, өнімдерін жою, мал ұстаған жерлерді дезинфекциялау қажет.

Ссылка на основную публикацию
Штифты или импланты В чем разница Стоматология Ас-Стом Санкт-Петербург (СПб)
Что лучше — штифт или имплант? Все подводные камни имплантации зубов! Наполеон Бонапарт говорил: «При наличии отваги можно ввязаться в...
Шишка в заднем проходе диагностика и лечение в Казани
Шишки, наросты, бугорки, образования в заднем проходе У нас безопасно! Мы открыты и ждем вас! 1000 р. Прием проктолога +...
Шишка за ухом у ребенка причины появления
/ Шишки на голове на ухе на шее.md Шишки на голове на ухе на шее Шишка на шееШишка под ухом...
Шум в правом ухе без боли возможные причины и методы лечения
Почему шумит в ушах. Невропатолог посоветовал, когда стоит обратиться в больницу Неприятный симптом может появиться из-за воспаления слухового нерва. На...
Adblock detector